Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Путин Украинамен соғысқа запастағыларды да қоспақшы

КИЕВ. 4 наурыз. Ресей президенті Владимир Путин Украинамен соғысқа запастағы әскери қызметкерлерді де тартпақшы болып жатыр. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

Осыған байланысты шығарылған бұйрықты ресейлік бизнесмен Михаил Ходорковский Facebook-та жариялады.

Путин бұйрықты биылғы жылғы 24 қаңтарда шығарған. Демек, соғысқа сол кезде дайын тұрған.

Оның осы бұйрығына сәйкес, мобилизациялық бөлімшелердің бастықтары запастағы әскери қызметкерлердің есеп кәртішкелерін 20 сәуірге дейін тексеріп шығулары тиіс, ал олардың өздері мобилизациялық бөлімдерге келулері керек.

Ресейдің басқыншы әскерлері өзінің батальон-тактикалық топтарының кем дегенде 95 пайызын пайдаланып үлгерді, сондай-ақ барлық операциялық Полеск, Север, Слобожан, Таврия бағыттары мен Біріккен күштер операциясы аймағында қатты шығынға ұшырап жатыр. Қазірге дейін оның 10 мыңға жуық офицерлері мен солдаттары жер жастанды, дейді Украина қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов.

Ол өзінің сөзінде қазір Украина әскери күштерінің басымдық ала бастағанын, бірақ жаудың Киев, Харьков қалалары мен Луганск және Донецк облыстарының әкімшіліктен шығатын жолдарын әлі жауып тастап отырғанын айтты.

Бүгін Украина Қарулы күштері Николаевтағы «Кульбакино» аэропортын жаудан толық тазартты.

Жау қолындағы Херсон қаласының тұрғындарына Ресейден гуманитарлық көмек ретіде азық-түлік өнімдері әкелінді. Бірақ қолдарына Украинаның жалаушаларын ұстап шыққан жергілікті халық дұшпанның жеткізген садақаларына жолаған жоқ, біреуі бір зат алмады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button