Америка сенаторы Путинді жойып жіберуді ұсынды
ВАШИНГТОН. 4 наурыз. Америка конгресінің республикалық партия тарапынан депутаты Линдси Грэм Ресей президентінің көзін жойып жіберу керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
«РФ агрессиясын тоқтатудың ең қарапайым тәсілі – Владимир Путиннің көзін жоя салу керек»,. – деп жазды ол өзінің twitter-дегі парақшасында.
«Ресейде Брут бар ма? Ресей армиясында полковник Штауффенергтен (Гитлерге қастандық жасауды ұйымдастырған неміс әскери қызметкері) сәттірек қимылдайтын адам бар ма? Соғысты тоқтатудың бір ғана тәсілі – Ресейде әлдекім бұл жігітті құртып жіберуі керек. Сіз сонда өз еліңіз бен әлем үшін үлкен қызмет істеген болып шығамыз», – деп жазды ол сосын.
Бұл твитке РФ елшілігінен тез жауап келді.
«Өзінің моральдық құндылықтарын бүкіл адамзат баласына «жол көрсетуші жұлдыз» ретінде көрсетіп, уағыз айтып отырған елдің сенаторының терроризмді Вашингтонның халықаралық аренадағы мақсатына жетуінің тәсілі ретінде атап отырғанына сену мүмкін емес. Тізгінінде осындай «жауапсыз» және саясатта кәсібилігі жоқ адамдар отырған Құрама Штаттардың тағдыры сұмдық бола түседі. Біз бұл америкалықтан ресми түсіндірме мен оның қылмыстық сөздерін баыл айыптау күтеміз», – деп жазды РФ-ның АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов.