АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Беларусь әскерлері Чернигов жеріне басып кірді

КИЕВ. 1 наурыз. Бүгін Беларусь әскерлері Украинаның Чернигов облысы аумағына басып кірді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Деректі «Север» аумақтық қорғаныс өңірлік басқармасының өкілі Виталий Кириллов растады.

«Беларусь соғысқа қосылды. Белорус әскерлері Черниговщинаға кірді», – делінген хабарламада.

Осындағы Слабин селосының, Михайло-Коцюбинск кентінің тұрғындары әскери техникалардың жүріп келе жатқандарын растап берді. Олар айтқандай, сағат 11:30-да Михайло-Коцюбинскіге 33 техника бірлігінен тұратын белорус колоннасы келген. Техникалардың 11-і «Град» екен.

Бұдан бір күн ғана бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаға өз елінің әскерлерін жібермейтінін баяндап еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button