ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресейліктердің 75 пайызы Путиннің агрессорлығын қолдайды

МИНСК. 2 наурыз. Ресейдің Украина жерінде кең ауқымды басқыншылық соғыс жүргізіп жатқанына 6 күн толған кезде ресейліктердің 75 пайызының осы агрессияны қолдайтыны анықталды. Бұл туралы белорустың оппозициялық «БелСат» порталы хабарлады.

Портал тілшілері ресейлік саясаттанушы Андрей Суздальцевтен орыс-украин соғысына көзқарасын сұрады.

1961 жылы Совет Одағы мен АҚШ-тың арасындағы текетірес ушығып, Берлин дағдарысы шыңына жетіп тұрған кезде орыстың жас ақыны Евгений Евтушенко өзінің «Хотят ли русские войны?» деген атақты өлеңін шығарып еді. Оған белгілі композитор Марк Бернес ән жазды. Туынды бұл риторикалық сұраққа «қайыңдар түбінде жатқан жауынгерлерден сұраңдар мұны» деп жауап береді.

Ал қазір орыстардың көбі соғысты аңсайтын қанқұмар нәсіл екендерін аның аңғарта бастады. Неге? Енді Ресей Украинаға шабуыл жасаған шақта, орыс солдаттары украинның қайыңдары түбінде мәңгіге дамыл тауып жатуы керек пе?

Саясаттанушы Андрей Суздальцев «БелСат» тілшісіне осы жайында толғана ой қозғады.

«Соғысты қалайтын халық жоқ. Бірақ біз қазір таңғаларлық жағдайды көріп отырмыз, – арнайы сұрау салғанда, Ресей тұрғындарының 75 пайызы Путиннің Украина жеріндегі «арнайы операциясына» қолдау білдіретіні анықталды», – деді ол.

«Бұл нені көрсетеді? Бұл – орыстардың сонау Ресей империясы кезінде, Совет Одағы тұсында өздерін осынау аумақты территорияның қожайыны, егесі, осы биліктерге қараған басқа халықтардың гегемоны, лидері санап үйреніп қалғанының сарқыншағы санада әлі жаңғырып тұрғанын көрсетеді. Совет Одағы тарап, ол он бес мемлекетке бөлініп кеткеннен кейін орыстар басқа халықтардың «өз пәтерлеріне» бөлініп кіріп алып, өздерінен бірте-бірте алшақтап кетіп бара жатқандарын ұдайы сезініп отырды. Украиндардың жағдайында бұл айрықша анық көзге ұрып тұрды. Өздерімен туыс есептес, қаншама ғасырлардан бері бірге келе жатқан көршілерінің енді өздеріне бөтен бола бастағанын империялық пиғылдағы орыстар кешіре алмады», – деді ол бұдан әрі.

Соғыс басталардың алдында өздерін өздері жариялаған ДХР мен ЛХР-ды ресейліктердің 73 пайызы қолдайтындарын білдірді. Бірақ олар осы екі облыста да жергілікті украиндардың саны орыстардан әлдеқайда көп екенін ескермеді.

Ал бұрынғы одақтас республикаларда, мысалы, Қазақстанда мұндай сепаратистік пиғылдағы орыстар саны тіпті көп. Олардың басым бөлігі, тіпті түгелге жуығы Ресейдің басқыншылық соғысын қолдап отыр. Осының өзі ұлттық мемлекеттер басшыларын қатты ойландыруы керек.

Бүгін Навальный ресейліктерді кезекті мәрте соғысқа қарсы шеруге шығуға шақырды.

 

Енді ақын Евгений Евтушенконың жоғарыда аталған өлеңімен таныс болыңыздар.

Евгений Евтушенко (1933-2017)

Хотят ли русские войны?..

Хотят ли русские войны?
Спросите вы у тишины
над ширью пашен и полей
и у берез и тополей.
Спросите вы у тех солдат,
что под березами лежат,
и пусть вам скажут их сыны,
хотят ли русские войны.

Не только за свою страну
солдаты гибли в ту войну,
а чтобы люди всей земли
спокойно видеть сны могли.
Под шелест листьев и афиш
ты спишь, Нью-Йорк, ты спишь, Париж.
Пусть вам ответят ваши сны,
хотят ли русские войны.

Да, мы умеем воевать,
но не хотим, чтобы опять
солдаты падали в бою
на землю грустную свою.
Спросите вы у матерей,
спросите у жены моей,
и вы тогда понять должны,
хотят ли русские войны.

1961 г.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button