Кәмила Валиева допинг жанжалынан соң бірінші рет түсіндірме берді
ҚАЗАН. 14 ақпан. Ресейдің мәнерлеп сырғанаушысы Кәмила Валиева Бейжің Олимпиялық ойындарындағы өзі төңірегіндегі допинг жанжалынан соң бірінші рет түсіндірме жасады. Бұл туралы «Татар-информ» хабарлады.
15 жасар спортшының сөздерінше, сыртқы қиындықтар мен эмоционалды жағынан шаршағанына қарамастан, ол өзінің ең жақсы нәтиже көрсететініне үміттенеді.
«Бұл күндер мен үшін өте қиын болды. Енді эмоциялардың өзі жетпейді. Мен сол уақытта эмоционалды жағынан шаршағаныма қуанам. Содан шықты көз жасы… Менде қуаныш пен аздаған күйініш бар. Сонымен бірге мен Олимпиялық ойындарда болғаныммен және біздің елдің намысын қорғауыммен бақыттымын. Мен жоғары дәрежеде әзірленіп, өз нәтижемді көрсетуге үміттенем», – деді Валиева «Бірінші арна» эфирінде.
Бұған қосатынымыз: бұдан алдын Спорт арбитражды соты (CAS) Кәмила Валиеваның Ойындар қысқа бағдарламасында жарыс жолын жалғастыра алатынын ресми түрде жариялаған болатын.
Татарша түпнұсқасы:
Камилә Вәлиева Олимпиадада допинг вазгыятен беренче тапкыр шәрехләде
(Казан, 14 февраль, «Татар-информ», Дамир Садриев). Россия фигуралы шуучысы Камилә Вәлиева беренче тапкыр Пекинда Олимпия уеннарында аның тирәсендәге допинг низагы вазгыятен шәрехләде.
15 яшьлек спортчы сүзләренчә, катлаулы вазгыять булу һәм эмоциональ яктан аруга карамастан, ул иң яхшы нәтиҗә күрсәтергә өметләнә.
«Бу көннәр минем өчен бик катлаулы булды. Эмоцияләр җитми инде. Мин шатланам, шул ук вакытта эмоциональ яктан ардым. Шуңа күрә күз яшьләре… Мөгаен, бәхет һәм бераз кәеф төшү бар. Шул ук вакытта мин Олимпия уеннарында булуым һәм безнең илнең данын яклавым белән бәхетле. Мин югары дәрәҗәдә әзерләнеп, үз нәтиҗәмне күрсәтергә өметләнәм», – диде Вәлиева «Беренче канал» эфирында.