25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы да оңды болмады

21 Қаңтар 2026 18:01
- Жаңалықтар, Сайыс
Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы да оңды болмады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 21 қаңтар. Қазақстандық белгілі кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын екінші «В» санатты тексеру де оң көрсеткіш көрсетіп, оның допинг пайдаланғанын дәлелдеп берді. Бұл туралы malim.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Боксшы істің қаралу кезеңінде барлық жекпе-жектерден уақытша шеттетілді.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) президенті Рахымжан Ерденбеков допинг дауына іліккен спортшының мәселесі 19 қаңтар күні қаралғанын, оның жалғасы 23 қаңтарда өтетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Ерденбеков Instagram парақшасында бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ісі қаралып жатқанын мәлімдеген, алайда оның басқа қырларын ашпаған еді.

Федерация президенті алғаш рет Жәнібек Әлімханұлының «В» допинг-сынама талдауының нәтижелерін жариялап, іс бойынша тыңдаулардың мән-жайын егжей-тегжейлі айтып берді.

«Жақында Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келді, иә, «В» сынамасы расталды (Әлімханұлының ағзасында допингтің бар екені – авт. еск.). Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз мойнына алды, себебі ол – федерациямыздың лицензияланған боксшысы, ал оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямен болған. Қазір басты мәселе – мұны саналы түрде қабылдады ма, әлде бұл зат оның ағзасына қалай түскені. Әзірге сұрақ осында тұр», – деді ҚКБФ президенті.

Ол 19 қаңтарда өткен тыңдаулардың да егжей-тегжейіне тоқталды.

«Белгілі болғандай, Әлімханұлының ісі тәуелсіз сарапшылардың, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен қаралып жатыр. Тыңдаулар халықаралық спорттық құқық стандарттарына сай, спортшының кінәсіздік презумпциясы сақтала отырып өтуде.

Жәнібекке көптеген сұрақ қойылды. Сәуір айынан бері біз оның осы заттар анықталғанға дейінгі бүкіл өмір жолын тыңдадық. Кеше мен қазір жариялай алмайтын жаңа деректер белгілі болды. 23 қаңтарда тыңдауларды жалғастырамыз», — деді Ерденбеков.

Оның айтуынша, істі қарау қорытындысы бойынша барлық материалдар тиісті ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да ұйымдарға жолданады. Титулдарынан айыру немесе айырмау жөніндегі шешімді сол ұйымдар қабылдайды. Ал әзірге, Ерденбековтің сөзінше, тыңдаулар уақытына Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерден шеттетілген.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жекке аз уақыт қалғанда қазақстандық чемпионның зәр сынамасынан антидопинг кодексімен тыйым салынған мельдоний заты табылғаны белгілі болды.

Нәтижені растау немесе жоққа шығару үшін 8 қаңтарға дәл сол уақытта әрі сол сәтте алынған «А» сынамасымен қатар алынған «В» допинг-сынамадағы зәрді ашу және талдау рәсімі тағайындалған еді.

Таңбалар: боксдопингЖәнібек Әлімханұлысынама

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist