Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Өзбек боксшысы Ләзизбек Муллажонов допингпен ұсталды

ТАШКЕНТ. 3 тамыз. Өзбекстан боксшысы, Олимпиялық ойындардың чемпионы Ләзизбек Муллажонов допинг пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Белгілі былғары қолғап шеберінің допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылды. Халықаралық допинг-тест агенттігінің (ITA) мәлімдемесіне сай, 2025 жылы 11 маусымда жарыс кезеңінен тыс ұсынылған спортшының үлгісінде бұлшық еттердің жылдам өсуіне, күш пен төзімділіктің жоғарылауына ықпал ететін синтетикалық анаболикалық андрогендік стероид метастерон болған.

Муллажонов тест нәтижелері туралы хабардар және В үлгісіндегі сынақты сұрауға құқылы. Егер В үлгілік сынағы А үлгісінің нәтижесін растаса, іс допингке қарсы ережені бұзу болып саналады. Спортшы қайта тестілеуді талап етпесе де, бұзушылық расталды деп есептеледі. Бұл жағдайда Муллажоновқа өз түсініктемелерін беруге мүмкіндік беріледі.

Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес, спортшы барлық жарыстардан уақытша шеттетілді. Ләзизбек Муллажанов 26 жаста. 2024 жылғы Жазғы ойындарда 92 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы атанған. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатында қола медальге қол жеткізді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button