Украинаның бай бизнесмендері шетелдерге кете бастады
КИЕВ. 14 ақпан. Украинаның мейлінше бай бизнесмендері чертерлік рейстермен немесе жеке ұшақтармен шетелдерге кете бастады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша, 13 ақпан күні Киевтен осындай 20-ға жуық ұшақ шетелдерге беттеген. Сол күні рейстермен украин бизнесмендері Андрей Ставницер (Forbes бойынша Украинаның 100 аса байлары тізімінде 49-орын алады) мен Вадим Нестеренко (96-орын), содан бір күн алдын Вадим Столар (64-орын) мен Василий Хмельницкий (29-орын) ұшып кеткен.
Ставницердің баспасөз хатшысы «Украинская правда» тілшісіне оның іссапарға кеткенін, бірер күнде оралатынын айтқан. Ал Хмельницкийдің баспасөз қызметіндегілер өз кезегінде оның өз командасымен бірге оқуға кеткенін, 20 ақпанда қайтып келетіні мәлімдеді. Бұған қоса, Украинада оның балалары қалғанын жеткізді. Донбасс көмірінің егесі Ринат Ахметов (Forbes тізімінде бірінші, суретте) 30 қаңтар күні Швейцарияның Цюрих қаласына жол тартқан. Ал кешегі жексенбіде оның тағы бір ұшағы шет елге ұшып шыққан. Қаңтардың соңында бизнесмен Виктор Пинчук (тізімде екінші) те елден кетіп қалған.
Бұдан бөлек, «Оппозиционная платформа – За жизнь» партиясы атынан Игорь Абрамович жеке ұшаққа 50 адамға тапсырыс беріпті. Басылым мәнбесі олардың отбасыларын Венаға апаратынын білдірді.
Бизнесмен әрі депутат Вадим Новинский (8-орын) 10 ақпан күні Киевтен Мюнхенге ұшып кеткен, сол күні олигарх Александр Ярославский (9-орын) елді тастап кеткен.
13 ақпанда Жоғарғы раданың франкциядан тыс депутаты Александр Дубинский «Слуга народа» фракциясының парлемантарийлеріне сол күннен бастап Украинадан кетуге тыйым салынғанын айтты.