Кәмила Олимпиаданың қысқа бағдарламасында бірінші болды
БЕЙЖІҢ. 15 ақпан. Бүгін Олимпиялық ойындарда мәнерлеп сырғанаудан әйелдердің қысқа бағдарлама бойынша жеке сайысында ресейлік татар қызы Кәмила Валиева кіші алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы «Советский спорт» хабарлады.
«Атап өтуіміз керек, 15 жасар спортшы өзінің сырғанауында 82,16 балл алды. Екінші орынға оның отандасы Анна Щербакова орналасты (80,20). Үштікті Жапонияның үздік өкілі Каори Сакамото тиянақтады (79,84)», – делінген хабарламада.
«Өзінің қысқа бағдарламасын орындап болғаннан кейін Валиеве жылап жіберді. Қазан тумасы үш қайтара аксельді орындауда қателік жіберіп алды. Қалған элементтерді таза орындады. Төрешілер оның сырғанауына 82,16 балл қойды», – деп жазды «Татар-информ».
Осылайша Кәмила Валиева Олимпидадада екінші алтын медалін жеңіп алды. Ол мәнерлеп сырғанаудан Олимпиялық ойындардың чемпионы болған ең жас спортшы атанып отыр.