Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Тоқаев Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты уәкілін алмастырды
АСТАНА. 27 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты уәкілі етіп Ерлан Әлімбаевты тағайындады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Бұған дейін бұл лауазымды Жанар Сейдахметқызы атқарып келген еді.
Ерлан Әлімбаев осыған байланысты Сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарған еді. Ал оның орнына Роман Василенко тағайындалды. Мұның алдында ол 2019 жылғы желтоқсаннан Қазақстанның Словакияда төтенше және уәкілетті елшісі болып істеді. Бір қуанарлық жағдай, жаңа вице-министр мемлекеттік тілде өте жақсы сөйлейді.