25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Небензя: Батыс Киевті қолдап тұрғанда, РФ атысты тоқтатпайды

31 Мамыр 2025 12:21
- Жаңалықтар, Тіршілік
Небензя: Батыс Киевті қолдап тұрғанда, РФ атысты тоқтатпайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 31 мамыр. РФ-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя Батыс елдері Украинаға көмек беруін қоймай, Ресейдің атысты тоқтатпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Принцип тұрғысынан келгенде», қазір Ресей атысты тоқтату режимін қалыптастыруға дайын, бірақ бұл үшін Украинадан келісім жүргізіліп жатқан кезде Батыс елдерінен көмек алуды тоқтатуды және елдегі әскерге шақыру науқанын кідірте тұруды талап етеді. РФ-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя 30 мамыр, жұма күні Қауіпсіздік кеңесі ұйымының отырысында сөйлеген сөзінде осындай тезистер айтты.

РФ-ның БҰҰ-дағы өкілінің айтуынша, Ресей делегациясы 2 маусымда Ыстанбұлда атысты ықтимал тоқтату жөніндегі өз меморандумының үлгісін украин тарапына ұсынуға дайын екенін айтты. Небензия бұл құжатқа егжей-тегжейлі тоқталып жатпады, бірақ РФ-ны Киевтің қысқа мерзімді бітімгершілік кезінде әскери бөлімшелерін ауыстырып-түйістіруі мен «шығыс майданда қирап жатқан шептерін» түзетіп алуына мүмкіндік берілуі еш қанағаттандырмайды. Мәскеу өкілі сонымен бірге РФ-ның әуелі Украинамен ықтимал ұзақ мерзімді бейбітшіліктің «параметрлері мен шарттарын» талқылап, содан кейін ғана атысты тоқтату туралы келісімге келгісі келетінін баяндады.

Небензя сондай-ақ РФ мен Украинаның Ыстанбұлдағы келіссөзі бұл елдердің 2022 жыдғы кездесулерінің жалғасы болып саналуы тиіс екенін алға тартты. Ал РФ олардың кезінде Киевке көптеген талаптармен бірге, Украинаның ядросыз және блоктан тыс статусы сақтауды, елдегі әскери қызметкерлер санын қысқартуды, сондай-ақ сол мезетте РФ басқыншылары басып алып, аннексиялап үлгерген территорияларды мойындауды талап еткен еді. Украина бұдан кейін бірден мұндай мазмұндағы жаңа келіссөздер процесіне қатысудан үзілді-кесілді бас тартты.

Жалтырбас жалбақай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде сонымен қатар украин лидері Володимир Зеленськийді «мерзімі өтіп кеткен президент» деп қорлап, Германия канцлері Фридрих Мерцтің Украинамен бірлесіп алысқа атылатын қарулар жасау жөніндені соңғы мәлімдемесіне орай ГФР мемлекетіне қарата айбат шегіп, азу тісін ақситты. РФ-ның ресми өкілі сондай-ақ Ресейдің Украинадағы күштерінің «ұрыс қимылдарын қажет болғанынша арттыра түсуге қабілетті» екенін мәлімдеді.

Мұның алдында АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Уашингтон меморандумның Ресей ұсынатын нұсқасын әлі алмағанын айтқан еді. Ресей диктаторы Владимир Путин АҚШ президенті Трамппен сұхбатында апта соғысын реттеу бойынша өз ұсыныстарын беруге уәде берген болатын, бірақ кешеге күнге дейін оны америкалықтар да, украиндар да алған жоқ. Сонымен бірге Трамптың арнайы өкілі Украина тарапының Уашингтонға жіберген меморандумын «өте орынды және жақсы» деп атады.

Таңбалар: БҰҰкеліссөзНебензя

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
АҚШ Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне қысым жасауын сынады
Жаңалықтар

АҚШ Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне қысым жасауын сынады

20.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist