Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

БҰҰ Украина мен Еуропаның Ресейге қарсы қарарын қолдады

БРЮССЕЛЬ. 24 ақпан. БҰҰ Бас Ассамблеясы Украина мен Еуропа елдері бастамашы болған Ресейге қарсы қарар жобасын қолдады. Бұл туралы УНИАН ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қарар жобасын Украина мен Еуропа елдері бірлесіп дайындады.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының антиресейлік қарары жобасын АҚШ қолдамады. Мұның аз десеңіздер, Уашингтон осымен шектеліп қалмай, Украина мен Еуропа елдерін жобаны кері қайтарып алуға шақырды. Мұны Америка Құрама Штаттарының БҰҰ жанындағы уақытша сенімді өкілі Дороти Ши өз сөзінде айтты.

«Бүгін біз осында үш жылдығына (Ресей Федерациясының Украинаға жаппай басып кіруінің басталуына – УНИАН) жиналдық және бізге барлық мүше мемлекеттердің соғысты біржолата тоқтату жөніндегі міндеттемелерін көрсететін қарар қажет. АҚШ ұсынған қарар жобасы осыған арналған. Біздің Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті тез арада реттеуге бағытталған жобамыз», – деді ол .

АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша сенімді өкілінің айтуынша, Уашингтонның мәлімдемесі Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектеседі.

«Біз барлық мүше мемлекеттерді, соның ішінде Украина мен Ресейді де осы талпыныста бізді қолдауға шақырамыз. Бұл Бас ассамблеяның өткенге емес, болашаққа бағытталған қарапайым, тарихи мәлімдемесі. Қарар соғысты тоқтату деген бір қарапайым идеяға бағытталған. Оның бейбітшілікке апаратын жол болуы мүмкін. Сол себепті Америка Құрама Штаттары Украинаның қарарын қолдай алмайды және сіздерден соғысты тоқтатуды сұраймыз», – деді ол.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button