«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлері топтап кетіп жатыр
АСТАНА. 26 қаңтар. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жеті топ-менеджері қызметтерінен аластатылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Мемлекет басшының тапсырмасын жүзеге асыру жолындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ» компаниясы басқармасының мүшесі, құқықтық тәуекелдер құқықтары жөніндегі директор-басқарушысы Андрей Николаевич Кравченко, корпоративтік басқару және әлеумет-еңбек қарым-қатынастары жөніндегі директор-басқарушы Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев, стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы Ерлан Дмитрийұлы Дүрмағамбетов, компания активтерін басқару жөніндегі тең басқарушы-директор Мұхтар Өтепқалиұлы Тәжіғалиев, көпшілікпен және үкіметпен байланыс жөніндегі тең басқарушы-директор Бектенбай Тілектесұлы Есполов, «Бірлескен химиялық компания» ЖШС басқармасының бастығы Жанат Рашидұлы Түсіпбеков, Samruk-Kazyna Trust»» компаниясының бас директоры Қуат Әскербекұлы Қожақов кеше өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті.
Бұдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарма басшысының орынбасары Жақып Марабаев қызметінен алынды. Содан кейін Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкі басшысы лауазымынан босатылды. Ал бүгін Қазақстандағы ең бай бес адамның бірі – Вячеслав Кимнің «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі қызметінен шығарылғаны белгілі болды.