Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

«Самұрық-Қазына» бір айда келмеске кетеді – Тоқаев

АСТАНА. 23 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық әл-ауқат қоры ретінде жұмыс істейтін «Самұрық-Қазына» холдингі бір айда жөнге келмесе, жабылатынын жариялады. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.

Осы кезге дейін негізінен билік басындағы байлар мен байшыкештердің балалары мен келіндерін, тоқалдары мен көңілдестерін асырайтын орасан зор қаржылы мекеме болып келген бұл квазимемлекеттік құрылымның ақыры жеткен сияқты.

«Президент «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алып, оны ретке келтіруге бір ай мерзім берді», деп жазады басылым.

Мемлекет басшысы қазір қордың құрылымы ашық емес, оған саяси маңызды адамдар басшы болып бара жатқанын айтты. Қордың сатып алу жүйесі тиімсіз, жұмысшылар өз ішінде сыйыспайды, шығынға бата жұмыс істеп отырғанын айтты. Көбіне ауқымды жобалар аяқсыз қалуда

Қорға беріліп жатқан ақшада есеп жоқ. Сонымен бірге қайтарым да жоқ. Мұның бәрі қоғамның ашуына тиеді. «Осы кезге дейін нақты мұнай-химия саласын жасай алмағанымыз да жасырын емес. Біз сонау кеңестік заманда салынған зауыттарды жөндеп отырамыз», – деді Президент.

Осы орайда ол Өзбекстанды мысалға келтірді. Көршіміз су жаңа бірнеше зауыт салып алған. Егер бір ай ішінде қор Президенттің тапсырмаларын орындай алмаса басшысы Алмасадам Сәтқалиев те, қор да «келмеске» кетуі мүмкін.

«Қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырамын. Ол жайында Сәтқалиевпен де («Самұрық-Қазына» қорының басшысы) сөйлескенмін. Реформалау тапсырмасын орындай алмаса, өзі де, онымен бірге қор да келмеске кетеді. Бір ай уақыт беремін. Бұл соңғы рет», – деді Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы Мәжілістің жалпы отырысында мұндай қордың болмауы керек екенін айтқан болатын.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button