«Самұрық-Қазына» 1 млн тұмылдырық тігіп шығарды
АСТАНА. 15 сәуір. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ішкі істер министрлігі қызметкерлерін қорғану тұмылдырығымен қамтамасыз етті. Бұл туралы акционерлік қоғамның тиісті департаменті дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық тұмылдырық тігілді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайдалануына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін жапты.
Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» қоры коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу үшін 450 млн теңге жұмсады. Қаржы Денсаулық сақтау министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әр ведомство 150 млн теңгеден алды.
Айта кеткен жөн, елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану тұмылдырығын тігуге кірісті