Зеленский қалай күтпеген жерден қайтыс болып кетті?
САНТА-ДОМИНГО. 13 қаңтар. Ресейдің белгілі тележурналисі Михаил Зеленскийдің Доминика республкасында жүрген кезінде кенеттен бақилық болғаны айтылып жатыр. Бұл турады Znak.ru хабарлады.
Ресейдің «Россия-Культура» телеарнасында «Тікелей эфир» бағдарламасын жүргізетін 47 жастағы Михаил Зеленский аталған елде жүрген кезінде инсульт ұстап қалу салдарынан көз жұмған болып шықты.
Baza телеграмм-арнасының баяндауынша, онда тележүргізуші әйелімен бірге демалуға барған көрінеді. Кенет оның жағдайы күрт нашарлай бастайды. Содан кейін жергілікті ауруханаға жеткізіледі. Бірақ тәуіптердің қанша күш салғанына қарамастан, журналист есін жинамаған күйі жантәсілім еткен.
Журналистің 39 жастағы психолог әйелі Мила Рубанчик күйеуі қайтыс болғаннан кейін өзінің телефонын өшіріп тастаған. Бұған дейін YouTube-те өзінің «Прокрастинатор» деген арнасын жүргізіп келген ол сосын бұған шығуды да тоқтатып, оны біржола жауып тастаған.