Кремль Қазақстандағы «русофоб»-министрмен жұмыс істесе береді
МӘСКЕУ. 13 қаңтар. Ресей байтағындағы билік өкілдері Қазақстанның жаңа ақпарат министрімен жұмыс істесуге дайы екенін мәлімдеді. Бұл туралы РБК хабарлады.
Мәселе мынада, Ресейде Қазақстан президентінің тағайындауымен елдің Ақпарат министрі орынтағына келген Асқар Омаровты ұлтшыл және русофоб, яғни орыстарды жек көруші деген пікір қалыптасқан. Оған Жеңіс күні. КСРО-ның орыс тарихындағы рөлі туралы сыни пікірлер жазған деген айып тағылып жүр.
«Расында да министр тарапынан сондай қолайсыз, оншалықты үйлесімді емес пікірлер айтылды, бірақ Қазақстан президенті оны өзінің министрлер кабинетіне тағайындады, енді оны қазіргі статусындағы мәлімдемелеріне қарай бағалайтын боламыз», – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ол Ресейдің «туыс республиканың жаңа министрлер кабинетінің барлық мүшелерімен» жұмыс жасасуға дайын екенін айтты.
Осы аптада Ресей БАҚ-тары Асқар Омаровтың Қазақстан ақпарат министрі болып тағайындалуына байланысты саясаткерлердің, социологтар мен саясатанушылардың ашуға толы пікірлерін жариялаумен болды. Мысалы, Россотрудничество бастығы Евгений Примаков Асқар Омаровты «русофоб нәкәс» деп атап, онымен жұмыс істесуден бас тартатынын мәлімдеді.
Тағы бір «Ту сырттан берілген соққы» деген мәтінде «патриоттық қауымның русофобиялық пікірлеріне байланысты Ресейге келуге тыйым салынған адамның жоғары лауазым алуынан шоршып түскені» баяндалады. Ал сенатор Сергей Цеков Ресей тарапының мына шешімге «қайран қалып, не дерлерін, қалай қабылдарларын білмей, түсінбей отырғанын» жеткізді.
Асқар Омаровтың өзі болса, Ресейде өзін албасты етіп көрсету саясатының жүріп жатқанын мәлімдеді. «Мен ондағы жұрттың қандай етіп көрсетуге тырысып жатқанындай адам емеспін. Мен өзімнің толеранттылық пен халықтар достығы, Қазақстан халқы мен көрші бауырлас елдердің бірлігі қағидаттарын ұстанатынымды білдіргім келеді», – деді ол.