Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменова парамен қолға түсті
АТЫРАУ. 10 желтоқсан. Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады.
Күдіктілердің 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны айтылып жатыр.
Оларды ұстауды Астанадан арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкерлері жүргізген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, пара тендерден алатын «откат» болуы мүмкін.
Б.Хаменоваға қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір одан Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ғимаратында жауап алуда.
Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін тез мойындады, сондықтан әзірше оны босатты. Б.Хаменоваға қатысты әлі шара алынған жоқ.
Ал @Yedilov online өзінің Telegram-каналында Б.Хаменованың жұмыс кабинетінің мөр басылған есігінің суретін жариялады