Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Алматыда 10-сынып оқушысы 20-қабаттан секіріп кетті
АЛМАТЫ. 11 желтоқсан. Бүгін таңертең Алматыда қайғылы оқиға орын алды: орта мектептің 10-сыныбында оқитын ұл бала 10-қабаттан секіріп, қаза тапты. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
Жасөспірім оқыған №6 орта мектептегілер оның бұған дейін өз отбасындағы жағдай жайында шағым жасаған. Осыған байланысты мектепте жиналыс өткен. Онда ата-аналарға мектепте психологтың жұмыс істейтіні, сонымен ақылдасу керектігі, балалардың көңіл күйі ахуалына қарау керектігі ескертілген.
Полиция департаментіндегілер болған оқиғаны растаған. Істі Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім тексеруді қолға алған.