Хантылар өз ұлттары атымен арақ шығуына реніш білдірді
САЛЕХАРД. 9 желтоқсан. Ресейдің Төмен облысындағы Ямал-ненец автономиялы округінде тұратын ненецтер өз ұлыстарының атымен арақ шығарыла бастағанына реніш білдірді. Бұл туралы «Российская газета» хабарлады.
Тұрғылықты аз халықтардың өкілдері дүкендерге «Ханты» деген арақ түскелі осындай ашу-ызаға берілді. Осыған байланысты Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыс тұрғылықты аз халықтары ассоциациясы мәлімдеме жасап, бұл тауарды осылай аталуының қаншалықты заңдылығы бар екенін тексертуге құжат дайындады.
Алкогольді ішімдікке қатысты туған жажал әлеуметтік желіде де жалғасты. Оны Салехардта тұратын Инесса Яунгад-Макарова деген ханты әйел көтерді. Ол өзі туып-өскен Ямалдағы Шурышкар ауданының Овгорт селосына жиі барып тұрады. Сонда Инесса өзіне электронды поштамен әкесі салып жіберген арақ шишасын көріп, қатты қынжылыпты.
«Бұл не, маркетинг пе? Бүкіл бір халықты мазақ қылу ма?», – деп жазды ол. Оның бұл дабылына қосылып, арақ шығарушыларды айыптап жатқандар көп.
«Спиртті ішімдікті бір халықтың атымен атауға жол беруге болмайды. Бұл оны қорлау болып табылады», – деді сенатор Григорий Ледков.