Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Астраханьдық қазақ қызы Ресейдің үздік мұғалімі атанды
МӘСКЕУ. 8 желтоқсан. Ресейдің Астрахань қаласында тұратын қазақ қызы Әлфия Қошалақова мұғалімдер арасындағы сайыста 2-орынды жеңіп алды. Бұл туралы «Астрахань 24» хабарлады.
Кремльді қалада Бүкілресейлік «Мектептегі тарих: дәстүрлер мен жаңа істер» конкурсы мәреге жетті. Оған бүкл ел бойынша 700-ден астам өтініш түсті. Олардың арасында Астраханьдағы №2 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әлфия Қошалақова да болды.
Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды. Оның екінші кезеңінде қазақ қызы «Александр Невскийдің Шығыс пен Батыс арасындағы өз таңдауы» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Ең соңында Қошалақова екінші орынға лайықты деп табылды. Бұдан басқа, ол Императордың мәнет ауласынан арнайы сыйлық алды.