26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сәуле Омарова АҚШ-та өзіне ұсынылған қызметтен бас тартты

8 Желтоқсан 2021 10:16
- Жаңалықтар, Қоғам
Сәуле Омарова АҚШ-та өзіне ұсынылған қызметтен бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВАШИНГТОН. 8 желтоқсан. АҚШ-та тұратын қазақ қызы Сәуле Омарова осы елдің Қаржы министрлігі валютаны бақылау басқармасының басшысы лауазымынан алдын ала бас тартты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Сәуле Омарова осыған байланысты өтініш жазып берген. Оны президент Джо Байден қанағаттандырған. Оқиға кеше болған.

Кезінде Байден қазақ қызына АҚШ Қаржы министрлігі валюта бақылау басқармасын басқаруды ұсынған болатын. Қараша айының басында оның кандидатурасы АҚШ Конгресінде қаралды. Республикалықтар оны тыңдау кезінде біраз жөнсіз шабуылдар жасады. Оған тіпті кезінде комсомолда болғаны да мін болып тағылды.

Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында туған. МГУ-ді бітірген. Оқу бітіргеннен кейін университетте қалдырылған. 1991 жылы ол бағдарлама алмасу мақсатында АҚШ-тың Вискон университетіне барады. Ал КСРО тарағаннан кейін АҚШ-та қалып қояды.

Бұған дейін АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буштың кеңесшісі болған екен.

Сәуле Омарова өзінің мұндай қадамға баруы жеке жұмыстарына байланысты шыққанын айтты.

Бір айта кететін жайт, Сәуленің бұл қызметтен бас тартып жатқаны туралы хабарлаған Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының бірде-бірі оның Қазақстанда туған қазақ қызы екені жөнінде ләм-мим деп ауыз ашқан жоқ. Олардың бәрі «Уроженка СССР Омарова не будет выдвигать свою кандидатуру на пост в Минфине США» деп жазып жатыр.

Осыдан өздеріңіз-ақ қорытынды шығарып алыңыздар. Кімнің кім екені осындайда білініп қалады. Іштарлық деген кесел біздің солтүстіктегі көршілеріміздің қандарына біткен қасиет еді, сонысы қазір сәт сайын атойлап шығып қалып жүр.

Айтқандай, Сәуле деген есім түркі халықтарында қазақтан басқа ешкімде жоқ. Оны басқамен шатыстырып алу мүмкін емес. Болса да, тек өзімізге тілдері барынша жақын, кезінде бір Ноғай Ордасының құрамында бірге болған қарақалпақ пен ноғайда ғана аздап кездесіп қалуы мүмкін.

Таңбалар: АмерикаминистрлікСәуле Омарова

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды
Әлеумет

Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды

14.08.2026
Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді

11.06.2026
Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist