Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Ресей думасы Татарстан президенті лауазымына қарсы шықты
МӘСКЕУ. 8 желтоқсан. Ресей мемлекеттік думасы Татарстан мемлекеттік кеңесінің аймақ басшысы лауазымын «президент» қалпында қалдыру жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастады. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.
Осыған қатысты мизам жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Татарстан РФ субъектілері басшыларын жергілікті халықтың өтініші бойынша бұрынғы қалпына келтіруді ұсынды.
Мемлекеттік думаның комитеті бұл жобаны қолдады. Бірақ дума депутаттары оған қарсылық білдірді.
Татарстан басшылығының пікірінше, бұл республиканың Конституциясына қайшы келеді.