Астраханның «Сарыарқа» ансамблі Мәскеуде өнер көрсетті
МӘСКЕУ. 4 желтоқсан. Ресейдің Астрахань облысының «Сарыарқа» этнографиялық ансамблі бұрнағы күні Мәскеуде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне өнер көрсетті. Бұл туралы «Астрахань 24» хабарлады.
«Сарыарқа» этнографиялық ансамблі (жетекшісі Руфина Рысмұхамбетова) Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің шақыруымен Мәскеуде 2 желтоқсан күні өткен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараға қатысты», – делінген Астрахань облысы мәдениет министрілігінің хабарламасында.
Құрманғазы атындағы аймақтық мәдениет орталығының әртістері Кремльді қаладағы «The Ritz-Carlton» фешенебельді отелінде концерттік бағдарламамен шыққан. Бұл – жас ұжымның астана алаңында бірінші рет өнер көрсетуі. Мәскеу жұртшылығы ансамбльдің орындауындағы Құрманғазы Сағырбаевтың, Махамбеттің, Мырзаның, Нұрғиса Тілендиевтің, Ермұрат Үсеновтің және басқа да қазақ авторларының аспапты музыкалық туындыларын тыңдады.
«Біздің көп ұлтты ұжымымыздың Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған маңызды шараға Астрахань облысының атынан қатысып, Ресей астанасында өнер көрсетуі – үлкен жетістік. Мен мұның жас әртістерімізге тың серпін беретініне сенемін», – деді Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталықтың директоры Амангелді Әбілғазиев.