ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Өзбекстан азаматтарын құлдыққа сатқан ер кісі қолға түсті

АСТАНА. 30 қараша. Қазақстан байтағында Өзбекстаннан адамдар алып келіп, құлдыққа сатқан өзбек азаматы ұсталды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.

Өзбекстанның алты азаматын осылай құлдыққа сатып жіберген бұл кісі біраздан бері іздеуде жүрген екен. Ол 2014 жылы көрші мемлекеттен алты жігітті Қазақстаннан жоғары ақылы жұмыс тауып беретінін айтып, алдап ертіп келген.

Күдікті Алматыда өз отандастарының паспорттарын алып қойып, оны басқа адамға береді. Ал ана адам бұларды жеті ай бойы қиын жағдайда тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

2015 жылы өз жерлестерін құлдыққа сатқан азамат Өзбекстанда бес жылға сотталады.  Бірақ 2019 жылы соттың шешімімен оның жазасының бір бөлігі шартты-мерзімінен бұрын босаумен алмастырылады. Ол босап келгеннен кейін елден қашып кетіп, Қазақстанға келіп тығылады. Содан кейін оған іздеу жарияланады. Қазіргі таңда аталмыш ер кісі Өзбекстанға жеткізілді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button