Қазақстандық Нұрқанат Райыс бірінші қарсыласынан басым түсті
БЕЛГРАД. 26 қазан. Сербияның астанасы – Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс өзінің бірінші шайқасын жеңіспен аяқтады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Турнирде 75 кг салмақта сынға түскен Нұрқанат Райыс черногориялық Стефан Савковичті айқын басымдықпен ұтты. Ол осының алдындағы Сәкен сияқты, 1-раундты 4:1 есебімен өз пайдасына шеше білді. Ал 2-3-раундтардағы басымдық 5:0 болды.
Мұның алдында 51 кг салмақтағы Сәкен Бибосынов өзбек Хасанбой Дусматовты 4:1 етіп жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.
Сөйтіп, бүгін рингке шыққан екі боксшымыз да жеңіс тойын тойлады.
Ал кеше 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов моңғол Энкх-Амара Хархууды,. ал 67 кг салмақтағы Абылайхан Жүсіпов тайпейлік Лин Ю есімді боксшыны 5:0 есебімен жеңіп шықты.
Әзірге төрт боксшымыздың төртеуі де жеңіс тұғырынан көрініп тұр.
Жеңіс құтты болсын, ағайын!