Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Қазақстандық Сәкен Бибосынов өзбек Хасанбой Дусматовты ұтты!

БЕЛГРАД. 26 қазан. Сербияның астанасы – Белград қаласында кеше басталған әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов жаңа ғана жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Шымкенттік былғары қолғап шебері биылғы Токио Олимпиадасынан қола медаль әкелген боксшы еді. Ал оның бүгінгі қарсыласы 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарында чемпионы әрі Вэл Баркер кубогының иесі, өзбек Хасанбой Дусматовпен кездесті.

Шайқастың бірінші раундында біздің жігіт 4:1 есебімен ұтты. Екінші раунда өзбек спортшысы 3:2 болып жеңді. Ал соңғы раундта Сәкен тағы алға шықты. Сөйтіп, ол атақты қарсыласын 4:1 етіп тізе бүктірді.

Жеңіс құтты болсын, ағайын!

Енді келесі айналымда жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың шәкірті үнді Дипакпен жұдырықтасады. Делиден келген жігіт келесі жұпта рингке шығып, қырғыз Азат Үсеналиевті 5:0 етіп жеңді. Ал Азат Азияның 2013 жылғы чемпионы еді.

Бұдан кейін бізден 75 кг салмақтағы Нұрқанат Райыс черногориялық Стефан Савковичпен шайқасады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button