25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлем чемпионаты: Қазақстан боксының зор салтанат құруы

15 Қыркүйек 2025 08:00
- Жаңалықтар, Сайыс
Әлем чемпионаты: Қазақстан боксының зор салтанат құруы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛИВЕРПУЛЬ. 15 қыркүйек. Англияның Ливерпуль қаласында бүгін түн ортасы ауа мәреге жеткен World Boxing ұйымының бірінші әлем чемпионатында бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Тұңғыш турнирде қазақ былғары қолғап шеберлері арасында финалға шыққан сегіз атлеттің жетеуі қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Тіпті жеңіліп қалды деп саналған жалғыз боксшымыздың өзі әріптесінен төмен өнер көрсеткен жоқ. Бұдан бөлек, тағы екі спортшымыз осының алдында ғана қола медальды қанағат тұтып, жартылай финалда қалған болатын. Сөйтіп, қазақ саңлақтары 7 алтын, 1 күміс, 2 қола, жалпы саны 10 медальмен чемпионаттың жалпы көшін бастады. Екінші орынға табан тіреген Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс, 3 қола, жалпы саны 11 медаль жинады. Үндістан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 1 қола, жалпы саны 4 медальмен үшінші орынға жайғасты. Бұдан әрі Бразилияда 1 алтын, 3 күміс, Польшада 1 алтын, 2 күміс медальдан бар.

Чемпионатта жеке әйелдер құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен бірінші орынға шықса, ерлер 4 алтын медальмен екінші орынға орналасты.

Бірінші орындағы Өзбекстан құрамасына 6 алтын медальді түгел ерлер әкелді.

Турнирде Қазақстанға бірінші алтын медальді 50 келіге дейінгі салмақтағы Санжар Тәшкенбай әперді. Ол моңғол моңғолиялық Баттулга Алдархишигпен қолғап түйістіріп, барлық раундта да басымдық көрсетті. Сөйтіп, Серік Сәпиевтен кейін екі дүркін әлем чемпионы атанған екінші боксшы болды.

Содан кейін бастаманы 55 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан көтеріп әкетті. Ол испан Рафаэль Лосано Серраноны бет қаратпай жеңіп, қазақстандықтар қатарындағы әлемнің екі дүркін чемпионы санын тағы бір атлетке көбейтті.

Келесі алтын медальды команда қоржынына 21 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Алуа Балқыбекова салды. Ол түріктің мықты боксшысы Бусеназ Чакыроглумен жұдырықтасты. Шайқастың бірінші раундында біздің қыз 3:2 етіп ұтса, қалған екі раундта да 4:1 деген есепті берік ұстады. Осының арқасында бір жылдың ішінде екінші рет әлем чемпионы атанды.

Бұдан кейін 65 келіге дейінгі салмақтағы Аида Әбікеева өзбек спортшысы Навбахор Хамидовамен беттесті. Тартысты өткен шайқаста өзінің артықшылығын көрсете білген қазақ қызы жеңіске жетіп, екі сапар жаһан чемпионы атанғандар мөлшерін көбейте түсті.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан 19 жасар Төрехан Сабырхан алтын жүлделер санын бесеуге жеткізді. Осыдан бұрын екінші рет әлем чемпионы атанған Махмұдтың інісі рингте өзін өзгеше ұстайтын жапон бокшысы Севон Окадзавамен кездесті. Күткендегідей, Күншығыс елінің өкілі шаршы алаң төрінде лақтай ойнақ салып, қашып жүру әрекетін мұнда да көрсетті. Оны қуалаумен болған біздің бағлан төрешілер шешімімен алғашқы раундта 1:4 есебімен есе жібергенімен, қалған екі раундта соның есесін қайтарды. Сөйтіп, бір күнде бір үйдің екі ұлы әлем чемпионы атанды.

Әйелдердің 70 келіге дейінгі салмағындағы Наталья Богданова да сенімді ақтады. Ақтық сында ол аустралиялық Лекейша Перголитимен жұдырықтасты. Үш раунд бойы сенімді өнер көрсеткен қазақстандық спортшы төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті.

Турнирдің ең соңғы 92 келіден ауыр салмағының финалдық жекпе-жегінде біздің құраманың капитаны Айбек Оралбай мен өзбек Жахонгир Зокиров алтын медальді сарапқа салды. Онда біздің бағлан 3:2 есебімен ұтты. Төрешілер оның қарсыласы бірінші раундта – 3:2, екінші раундта 4:1 етіп ұтты деп есептеді. Ал ақырғы раундта Айбекке 4:1 есебімен жеңіс берді. Ал негізінде қазақ боксшысы алдыңғы екі раундта да қарсыласына есе жіберген жоқ.

Осы Айбектің жеңісі Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командасының жалпы есепте бірінші орынға шығуына тікелей себеп болды.

Ақтық сында еліміздің ең атақты боксшысы, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай (48 кг) ғана төрешілер шешімімен алтын медальден қағылды. Ол шын мәнінде үндістандық Минакши Минакшиден жеңілмеген еді.

Бұлардан басқа Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қола медальдің иегерлері атанды.

Сонымен, қазақстандық боксшылардың нәтижелері мынадай:

50 келі: Санжар Тәшкенбай – алтын медаль

55 келі: Махмұд Сабырхан – алтын медаль

70 келі: Төрехан Сабырхан – алтын медаль

90 келіден ауыр: Айбек Оралбай – алтын медаль

51 келі: Алуа Балқыбекова – алтын медаль

65 келі: Аида Әбікеева – алтын медаль

70 келі: Наталья Богданова – алтын медаль

48 келі: Назым Қызайбай – күміс медаль

60 келі: Виктория Графеева – қола медаль

+80 келі: Елдана Тәліпова – қола медаль

World Boxing федерациясының аясында тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл Әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи додаға айналды. Жеті алтын медаль жеңіп алған біздің құрама қазақ боксының әлемдік аренадағы мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Таңбалар: әлем чемпионатыбоксҚазақстан

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist