Әлемдегі ең ұзын әйел де қазір Түркияда тұрады
АНКАРА. 17 қазан. Түркияның тұрғыны Румейси Хельги әлемдегі ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Гиннестің рекордтар кітабының сайтында жарияланған мәліметтер бойынша, 24 жастағы түрік қызының бойы 215, 6 сантиметрге жетіпті. Ол 2014 жылы 18 жастағы бойжеткендер арасында да үздік болыпты,
Сайтта Румейсидің Уивер синдромына шалдыққаны айтылады. Бұл адамның шамадан тыс өсе беруіне жол береді. Сондықтан ол үнемі мүгедектер арбасымен қозғалады. Сол сияқты сүйеніш таяқтармен де жүре алады, бірақ онымен ұзаққа бара алмайды.
«Мен үшін Румейсиге келіп, оның Рекордтар кітабына кіргенін тағы атап өту – үлкен құрмет». – деді Гиннесс рекордтар кітабының бас редакторы Крейг Глендей.
«Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» деген осы! Әйтпесе, түрік қызы бұдан ешқандай да рахат кқөріп отырған жоқ.
Әлемдегі ең биік ер адам да осы Түркиядан шыққан. Ол – Сұлтан Кесен деген азамат. Оның бойы – 251 сантиметр. Түрік азаматы бұл атақты 2009 жылы қытайлықтар Бао Сишунь мен ЯоДфэньнен «тартып алды».