Ресей Өзбекстанда орыс мектептерін ашуға мүдделі
МӘСКЕУ. 17 қазан. Ресей Федерациясының билігі Өзбекстанда орыс тілінде білім беретін мектептер ашуды жоспарластырып жатыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
РФ сыртқы министрі Сергей Лавров шетелдерде тұратын орыстардың VII Бүкіләлемдік конгресінде сөйлеген сөзінде осындай ой барын айтты.
«Тәжікстанда біздің тәсілдемеміз бойынша жасалған толық бағдарламамен оқытатын бес орыс мектебі ашылатын болады. Қазір тап осындай бағдарлама Өзбекстан үшін де дайындалып жатыр», – деді Сергей Лавров.
Ресей барлық одақтастарымыз бен стратегиялық әріптестеріміз үшін модельді жоба жасауға мүдделі болып отыр, деп атап көрсетті ол.
«ТМД елдерінде Ресей жоғары оқу орындарының филиалдары жүйесін ашу да барынша маңызды, өзіндік дәстүрі бар жоба болмақ», – дегенді айтты Сергей Лавров соңында.