Ресей алдағы жылғы соғыс шығындарын рекордтық деңгейге дейін өсіреді
МӘСКЕУ. 24 қыркүйек. Диктатор Путиннің еншілігіндегі Ресей Федерациясы 2025 жылы соғысқа жұмсалатын бюджет ақшасын тағы арттырып, 142 миллиард долларға жеткізді. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей үкіметі қазірдің өзінде ресейлік салық төлеушілерге 22 триллион рубль шығын әкелген Украинадағы соғысқа алдағы жылы жаратылатың қаржы мөлшерін күрт арттыруға дайындалып жатыр.
2025 жылы федералдық қазына «ұлттық қорғаныс» айдарымен рекордтық 13,2 триллион рубль немесе 142 миллиард доллар жұмсайды, деп жазады Bloomberg мемлекеттік думаға ұсынуға әзірленіп жатқан бюджет туралы заң жобасына сілтеме жасап.
2024 жылмен салыстырғанда (10,8 трлн. рубль), әскери шығындар тағы 22%-ға, 2023 жылмен салыстырғанда (6,8 трлн. рубль) екі есеге, ал соғысқа дейінгі 2021 жылмен (3,5 трлн.) салыстырғанда, 4 есеге жуық өседі. Әскери бюджет ұлттық ЖІӨ-нің 6,2 пайызына, яғни Африкадағы әскери диктатуралардың деңгейіне жетеді (Оңтүстік Суданда ЖІӨ-нің 6,3%), ал қазынадағы әскери шығыстардың үлесі шамамен 30 пайызға барады. Мұндай шығын КСРО-дан кейінгі кезеңде ешқашан болмаған.
Милитаризмнің шырмауына шырматылған Ресей қазір сол өзінің соғыс соқпағына біржола түскенін барған сайын айқын танытып келеді.
Сондықтан да бұл соғысқұмар елде бюджеттегі әрбір үшінші рубль дерлік – барлығы 12,9 триллион – құпия баптарға жұмсалады. Мұндай шығындардың жалпы көлемі биылғы жылмен салыстырғанда, 16 пайызға немесе 1,8 триллион рубльге артқалы тұр.
Үкімет полицияның, ұлттық ұланның, тергеу комитетінің, арнайы қызметтің және басқа да құқық қорғау органдарының бюджетін қамтитын «ұлттық қауіпсіздік» айдарымен тағы 3,5 триллион рубль жаратады. Жалпы алғанда, армия мен қауіпсіздік күштері федералды бюджеттің 40%-ын немесе 16,7 триллион рублін «жейді».
Үкімет денсаулық сақтау саласына бюджет шығыстарын үстіміздегі жылдың деңгейінде – 1,6 триллион рубль көлемінде тоқтатып, халықты әлеуметтік қолдауға, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге жұмсалатын бюджет шығыстарын айтарлықтай қысқартуды жоспарлап отыр. 2025 жылы бұл мақсаттарға 6,8 триллион рубль бөлінеді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда, 700 миллиардқа аз болып отыр.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар, бюджет жобасына сәйкес, аздап өседі, ол 1,5-тен 1,6 триллион рубльге дейін көтеріледі. Бюджет жобасына сәйкес, білім алуға жұмсалатын шығын аздаған мөлшерде – 1,5-тен 1,6 трлн рубльге дейін ұлғаяды. Үкімет осы ретте мегажобаларға бөлінетін қаржы мен мемлекеттік корпорацияларға көмек беруді көздейтін «ұлттық экономика» бабы бойынша жұмсалатын шығынды айтарлықтай мөлшерде – пайыздық көлемде немесе 400 млрд рубльге көбейтіледі.