«Талибан» таяуда қатарын қылмыскерлерден тазартуға кіріседі
КАБУЛ. 23 қыркүйек. Ауғанстан билігін соғыссыз басып алған радикалды «Талибан» қозғалысының басшылығы таяу уақыттары өз қатарын тазалауды бастап кетеді. Бұл туралы «Ariana News» хабарлады.
Қозғалыс басшылығы содырлар арасында тәліптер қағидаттарына қайшы келетін әрекеттер жасап қойғандарды анықтап, оларды өз қатарынан шығаратындарын мәлімдеді.
«Қатарды тазалау» ісімен «Ауғанстан ислам әмірлігінің» арнайы комиссиясы айналысатын болады. Комиссияның зерттеуімен анықталатын қатаң жазалы қылмыстар қатарында моральдық азғындық, жемқорлық, парақорық, тонаушылық, адамдарды қуғынға түсіру мен жеке бас араздығы бар. Мұндай тәртіп бұзушылықтары расталған содырлар заң алдында жауап береді.
Анықталғанындай, тәліптер басшылығының арнайы жарлығы алдағы екі аптаның көлемінде қабылданып, бірден «Ауғанстан ислам әмірлігінің» барлық күштік құрылымдарына жіберіледі. Соның ішінде барлау қызметі, ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі қамтылады.