Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Донбасс лаңкестерінің экс-басшысы Украинаны жоюға шақырды

ДОНЕЦК. 23 қыркүйек. ДХР деп аталатын террорлық ұйымның бұрынғы басшысы Александр Бородай Украинаны жойып жіберуге шақырды. Бұл туралы Украина.ru хабарлады.

Донбасс лаңкестік ұйымының бұрынғы басшысы күні кеше Ресей мемлекеттік думасына депутат болып сайланды. Ол Думаға Украинада заңсыз болып табылатын партияның атынан өтті.

Қазір «Біртұтас Ресей» фракциясының мүшесі болып отырған Александр Бородай «орыс халқы, орыс мемлекеті қалыпты өмір сүруі үшін… украин мемлекеті, дәлірегі, соның ишарасын жасап отырған дәулет… қандайда бір кейіппен қиратылуы тиіс» екеніне сенімді көрінеді.

ДХР терроршыларының бұрынғы атаманы Донбасс территориясына кірмей тұрған аумақты «украин әскерлері басып алған жерлер» деп атады. Оның айтуынша, егер РФ-ның гибридті әскері шабуылға шығатын болса, «ондағы орыс еріктілері оларды, әлбетте, қаншалықты мүмкіндік болғанынша қолдайтын болады».

Александр Юрьевич Бородай 1972 жылы шілдеде Мәскеуде туған. Белгілі философ Юрий Бородайдың ұлы. Өзі әскери журналист, саясаттанушы, PR-кеңесші. Донбассқа кейін арнайы жіберілген.

Александр Бородай 2014 жылдың шілдесінде Донецкідегі терроршылардың «премьер-министрі» болып тағайындалған екен. Кейін Ресейге кетіп қалады да, оның орнын Приднестровьеде «қауіпсіздік комитетінің» басшысы болған Владимир Антюфеев басады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button