Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Армения әскерлері Нахичеванды атқылауға кірісіп кетті

БАКУ. 22 шілде. Армения қарулы күштері Әзербайжан армиясының Гейдарабад кенті бағындағы позициясын тағы атқылады. Бұл туралы «Вестник Кавказа» хабарлады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған учаске Әзербайжанның Нахичеван автономиялы республикасы жерінде орналасқан.

«19 шілдеде жергілікті уақыт бойынша шамамен 23:45 сағатта Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Веди ауданының Араздейен қыстағына жақын жерден Әзербайжан армиясының Нахичеван автономиялы республикасындағы Садарак ауданының Гейдарабад елді мекені бағытындағы позициясын әртүрлі калибрлі қарулардан атқылауды ұйымдастырды», – делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, атқылау нәтижесінде Әзербайжан армиясының әскери қызметкері, аға лейтенант Рамал Бадалли аяғынан жарақат алып қалған, оған бірінші медициналық жәрдем көрсетіліп, эвакуацияға жіберілген.

Армяндар тарапы өздеріне артынша Әзербайжан жағы тиісті соққы бергеннен кейін ғана тоқтаған.

Атап өту керек, қазіргі таңда аталған бағыттағы ахуал қалпына келтірілген, оперативті жағдай Әзербайжан армиясының бақылауында тұр.

«Вестник Кавказа» порталының шолушысы Андрей Петров айтып өткендей, Нахичеван автономиялы республикасының солтүстік шекарасы мен Армения аумағының түйіскен жері бекерден-бекер армян-әзербайжан текетіресінің жаңа нүктесіне айналып тұрған жоқ. «Біріншіден, бұл – Ресей солдаттарын Әзербайжан армиясы соққыларының астында қалдыруға бірден-бір қолайлы жер: осы маңдағы Ерасх селосында РФ-ның 102-ші әскери базасының әскери қызметкерлері орналасқан. Ал арандатушылық соққылар осы селоның батыс жағынан небәрі 500 метр жерден жасалып жатыр. Айналып келгенде, әзербайжандар қайтарма соққы беретін болса, бұл тура Ресей әскерлерін атқылау болып шығады. Екіншіден, атыс армян-әзербайжан және армян-түрік шекараларының түйіскен жерлерінен бар-жоғы 5-6 шақырым қашықтықта жүргізілуде. Еске сала кетейік, Арменияның Түркиямен шекарасын Ресей шекарашылары қорғап тұр, демек, арандату нүктесі осы екі елдің әскерилерін бір-бірлеріне айдап салу есебімен әдейі жасалуда. Мұның арғы жағында Армения Әзербайжанды өзге елдің территориясын басып алуға әрекет жасаған етіп көрсетуге деген пасық ұмтылыс бар», – деді ол.

«Үшіншіден, шығысқа қарай, Кярки экславына баратын жол тап Ерасхтан бастау алады. Ереван Нахичеванды осы жерден атқылау арқылы Әзербайжанның Кяркиден бас тартуына алып барғысы, сөйтіп, оны өзіне қаратуды көздейді», – дейді Петров.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button