26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Австралияның Брисбені 2032 жылғы Олимпиаданы қабылдайды

21 Шілде 2021 21:19
- Жаңалықтар, Сайыс
Австралияның Брисбені 2032 жылғы Олимпиаданы қабылдайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТОКИО. 21 шілде. Австралияның Брисбен қаласы 2032 жылы өтетін XXXV жазғы Олимпиялық ойындардың қожайыны болып бекітілді. Бұл туралы БелТА хабарлады.

Мұндай шешімді бүгін Токиода өткен Халықаралық олимпиялық комитеттің 138-сессиясы қабылдады.

Үстіміздегі жылғы ақпан айында ХОК атқару комитеті Австралияның Квисленд штатының орталығы Брисбен қаласын Олимпиада-2032 турнирін өткізетін басты үміткер деп белгілеген еді.

2019 жылғы маусымда ХОК Ойындар орталығын таңдаудағы бұрынғы үйреншікті процедураның бірі – жарыс өтуге жеті жыл қалғанда анықтау талабынан бас тартқан болатын. Сонымен бірге жарыстар түгелдей олимпиада астанасында өтуге тиіс деген тармақты да алып тастады.

Бұдан былай қалалар Олимпиада өткізу жөнінде өздерінің қаржылай мүмкіндіктерін ортаға салып, бақ таластырып та жатпайды. Енді оны арнайы комиссия өзі анықтайды.

Бұл жолы 2032 жылғы Олимпиаданы өткізуге Брисбеннен бөлек Доха, Будапешт, немістің Рейн-Рур, қытайдың Чэнду және Чунцин қалалары үмітті болды.

Осымен, Австралия тарихта үшінші мәрте Олимпиаданың егесі болғалы тұр. Бұған дейін бұл құрлық-мемлекеттің Мельбурн қаласында 1956 жылы, Сидней қаласында 2000 жылы Ойындар өткізілгені белгілі.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы жазғы Олимпиялық ойындар Париж (Франция), 2028 жылғы жазғы Олимпиялық ойындар Лос-Анджелес (АҚШ) қалаларында өтеді.

Таңбалар: АвстралияБрисбенолимпиада

Ұқсас мақалалар

Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді
Әлеумет

Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

17.08.2026
Головкин өз беделінің бәсін Ресейді «сүйреуге» тігіп жіберген сияқты
Жаңалықтар

Головкин өз беделінің бәсін Ресейді «сүйреуге» тігіп жіберген сияқты

11.08.2026
Қызылордалық оқушылар «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды
Жаңалықтар

Қызылордалық оқушылар «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды

01.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist