Тбилиси тұрғыны қарындасының жігітін атып өлтірді
ТБИЛИСИ. 15 шілде. Грузия астанасы – Тбилиси қаласының тұрғыны қарындасының жүріп жүрген жігітін тамам жұрттың көзінше атып өлтірді. Бұл туралы «Sputnik Грузия» хабарлады.
Тбилисидің шетіндегі Глдани ауданында жергілікті тұрғындардың көз алдында жас шамасы 35-тегі жігіт атып өлтірілді. Мылтықтан атылған оқ оның ішек-қарнын талқандап өтті.
Грузия ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған күдікті артынша ұсталған, құқық қорғаушылар қазір оны қолға түсірудің әрекетінде жүр.
Қазір осы қылмыстық оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Осыған байланысты Грузия Қылмыстық істер кодексінің қасақана кісі өлтіру, сондай-ақ заңсыз қару сақтау мен оны қолдану баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді кісі өлтірушіні 15 жыл түрмеде отыру жазасы күтіп тұрған сияқты.
Жергілікті тұрғындардың айтуларынша, қылмыс бұдан бұрын көп қабатты тұрғын үйлердің маңында жасалған. Бұл кезде біраз адам бақта демалып отырған. Олардың көз алдында осында тұратын бір қыздың ағасы онымен сөз байласып жүрген жігітті мылтығымен қарнынан атып өлтірген.