Германия билігі Сібір немістеріне жол салып беруден бас тартты
ОМБЫ. 15 шілде. ГФР өкіметі Ресейдің Омбы облысындағы Жоғарғы Карбуш деревнясына баратын жолды жөндеуден өткізіп беруден бас тартты. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, осы деревня тұрғындары бұдан алдын Германия канцлері Ангела Меркельге арнаған үндеуіне берген жауабында неміс билігі сібірліктердің өтініштерін орындай алмайтындарын мәлімдепті.
Биылғы 10 маусымда Жоғарғы Карбуш деревнясының тұрғындары Ангела Меркельге жолдаған видеожолдауларында Ресей билігі бас тартып отырғандықтан, өздері тұратын елді мекендері Карбышев көшесін асфальттап беруді өтінген екен. Бұған Жоғарғы Карбуш тұрғындарының тек неміс ұлтынан тұратындары да себеп болғанға ұқсайды.
Бірақ Жоғарғы Карбуш тұрғындары Германия билігінен де қолдай таппайды. Олар тұрғындар үндеуіне орай жіберген хатында «бөгде елдің жергілікті органдарының іс-әрекетіне араласу ГФР канцлерінің міндетіне жатпайтынын», сондықтан Меркельдің мұндай өтініштердің көптігіне байланысты оларға жеке-жеке жауап беріп отыра алмайтынын атап көрсетіпті.
Сонымен бірге Жоғарғы Карбуш тұрғындарының демаршы Омбы облысының билігін дүр сілкіндірген екен. Ол Карбышев көшесін 2022 жылы жөндеп шығуға уәде беріпті.