Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік мергені атанды

ЛОНДОН. 14 шілде. Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду жақында аяқталған футболдан Еуропа чемпионатының үздік мергені болып танылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Құрлық додасында 36 жастағы футболшы өзі ойнаған төрт ойында бес гол соқты. Португалия құрамасы турнирдің 1/8 финалында Бельгия командасынан 0:1 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Осыншама голды Польша құрамасының шабуылшысы Патрик Шик те соқты. Бірақ оның қосымша көрсеткіші – нәтижелі пасы жоқ болып шықты. Ал Роналду бес голдан бөлек, бір нәтижелі пас шығарып берген екен. Осылайша Криштиану «Алтын бутса» жүлдесін жеңіп алды.

Бұл жолғы Еуропа чемпионаты Роналдудың футболшылық мансабындағы бесінші осындай біріншілік болды. Мұның өзі – рекорд. Ол алғаш рет бұл турнирге 2004 жылы қатысып, чемпионаттың ашылу матчында дебюттік гол соққан. Бірақ португалдар сол кездесуде гректерден 1:2 есебімен ұтылып қалған. Португалия құрамасы финалға дейін жетіп, тағы да Грекия командасымен күш сынасты. Алайда, бұл жолы да жеңіліс тапты – 0:1.

2016 жылы Португалия финалда Францияны қосымша уақытта ұтып (1:0), Еуропа чемпионы атанды. Роналду турнирде 3 гол салды. Ол 2004 жылы 2 голдың авторы атанса, 2008 жылы – бір, 2012 жылы үш доп соқты. Бұлардың соңғысында бес футболшымен бірге турнирдің үздік мергені болып танылды.

Биылғы турнирде Роналду Еуропа чемпионаттарына қатысу саны жағынан француз Мишель Платиниден басып озды.

Португал футболшысы өзі қатысқан барлық бес чемпионатта 14 рет мергендігімен көзге түсті.

Еуропа чемпионатының ұйымдастырушылары сондай-ақ Испания құрамасының 18 жасар шабуылшысы Педриді турнирдің үздік жас футболшысы деп атады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button