Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Әйелінің үстіне ыстық шай құйып жіберген еркек сотталды
ҚОҚАНД. 29 маусым. Өзбекстанның Ферғана облысындағы Қоқанд қаласында өзара ұрыс-керіс кезінде әйелінің үстіне ыстық шай құйып жіберген ер кісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы УзА хабарлады.
Хабарланғандай, отағасы екі кішкентай баласының көзінше әйелін ыстық шайға күйдіріп қойған. Сот-медициналық сараптамасының хабарламасынша, әйел денсаулығына ұзақ уақыт залал келтіретін орта дәрежелі дене жарақатын алған.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот тергеуі барысында сотталушы өзінің айыбын мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.
Сот айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол сондай-ақ зардап шегушіге 5 млн сум (500 доллар) көлемінде төлем төлейді.