Поляк өз тілінде сөйлегені үшін украинды таяққа жықты
ПОЗНАНЬ. 28 маусым. Польша тұрғыны өзінің ана тілі – мовиде сөйлегені үшін украин жігітті есінен танғанша сабап тастады. Бұл туралы epoznan.pl порталы хабарлады.
Басылымның ақпарынша, инцидент поляктың Познань қаласындғағы жағажайда орын алған. Көз көргендердің айтуларынша, жергілікті бір тұрғын мас болып келіп, украин тілінде ұлтшылдық ұрандарды айқайлап айта бастаған. Онымен қоймай, тынығып жатқандарға тиіскен. Бір кезде оған бір жігіт қарсы келіп, екеуі төбелесіп кеткен. Оның нәтижесінде поляк азаматы украин жігіті жерге жатқызып салып, басынан тепкілей жөнелген. Масаң халдегі ұлтшыл есінен танып қалған.
Осыдан кейін оны таяққа жыққан жігіт оқиға орнынан қашып кетпек болған. Алайда, жағажайда тынығып жатқандар бұған жол бермей, оның қолын қайырып ұстап, полицияға тапсырған. Қазір ол өзіне тағылатын айтыпты күтіп отыр. Ал таяқ жеп қалған украин жігітіне медициналық жәрдем көрсетілген.
Бұдан алдын украинның Львов қаласында ұлтшылдық бағыттағы бірнеше топтың мүшелері орыс тілінде ән салғандары үшін көше музыканттарын соққыға жығып, жұртты «Мәскеу қаншықтарын зорлауға» шақырған болатын. «Мұндай жәндіктерді қуу керек, олар ештеңені адамша түсінбейді», – деп түсіндірді олар өз әрекеттерін.
2020 жылдың ақпанында Киевте белгісіз біреулер көшедегі орындықта отырған әйелді сабап кеткен еді. Бет-аузын қан жуып кеткен ол полицейлерге жанжалдың сол жерде өзінің орыс тілінде сөйлеп отырғанынан туғанын айтып берді. Мұрны сынып, бірнеше тісі ұшып түскен әйел ауруханаға жатып шықты.