Күніне 3 литр су ішіп тұрудың қажеті бар ма?
Тәулігіне 3 литр су ішіп тұрудың қаншалықты қажеттілігі бар? Бұл сұраққа ресейлік гастроэнтолог Анна Денисова жауап береді. Оның сөздерін РИА «Новости» ұсынады.
«Медициналық ұсыныс – сөткесіне 1,5-2 литр су ішу. Егер спортпен белсенді түрде айналысып жүрген болсаңыз, екі жарым литр, тіпті үш литрге дейін ішуге болады. Ал жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындар үшін көп мөлшерлі судың пайдасынан зияны мол. Мәселен, жүрекке ауа жетпейтіндерге мұншалықты көп су ішудің қажеті жоқ. Сол сияқты аяқтары ісіп кете беретін кісілерге де суды тым көп іше беруге кеңес етілмейді», – дейді маман.
Дәрігердің айтуынша, жастары ұлғайған пациенттерше артық су ішуден келетін пайда аз. Ол қайта клиенттің бүкіл денесінің ісініп кетуіне алып барады. Бұған қоса, тәулігіне 2 литр су ішу бүйректің қызметіне айтарлықтай залал келтіреді.