Түрікменстанда нан тапшылығы күшейіп келеді
АШХАБАД. 3 маусым. Түрікменстанның елді мекендерінде нанның қардарлығы күн өткен сайын күшейіп барады. Бұл туралы Turkmen-News хабарлады.
«Түрікменстанның Ашхабад, Балкан және Дашогуз велаяттарында нанның тапшылығы күшейе түсті. Астанадағы жеке сауда орындарында нан екі есеге қымбаттады. Наурызда бұл өнімнің жетіспеушілігіне Лебап велаятының тұрғындары шағым жасап еді», – делінген хабарламада.
Мамыр айының ортасында Балкан велаяты қалаларының бірінің тұрғыны turkmen.news тілшісіне нан кезегіндегі төбелес жайында айтып берді. Ал арада екі апта өткеннен кейін бұл барлық жер үшін үйреншікті жағдайға айналды.
«Дүкендердегі төбелестердің ұрқы бөлек, нан жетіспейді, ұн жоқ, – деді жергілікті тұрғын. – Көше қайнаған ыстық. Кезекте тұрған жұрттың қан қысымдары көтеріліп кетеді. Кейбіреулер естен танып құлап та жатады. Нан тек азанда ғана сатылады. Әр отбасына екі бөлкеден артық нан берілмейді. Олардың жан бастары ескерлімейді. Нан алғаннан кейін де кезектен шығып кетуің қиын. Ашылу біреулердің қаһарына ұшырап қалуың да мүмкін».
Нанның бағалары да әр жерде әртүрлі. Мемлекеттік дүкендерде бір бөлке нан 0,5 манат (125, 82 теңге) тұрса, Балкан велаятындағы жеке дүкендерде ол 4 манатқа (1000, 65 теңге) дейін барады.
Қазір мемлекеттік бағаға нан сатып алу Ашхабадтың өзінде оңай емес.