Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Тәжіктер тыншымай тұр. Тағы соғыс болып кететін түрі бар
БІШКЕК. 4 маусым. Бүгін таңертең Ош облысының Чоң-Алай ауданыныңі Унжу-Булак деген жеріндегі қырғыз-тәжік шекарасында екі жақты қаруға жүгінетіндей жағдай туды. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Дабыл бүгін сағат 06:00-да көтерілді. Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының Ош облысы Чоң-Алай ауданының Унжу-Булак деген жеріндегі мүйісінде тәжіктер тарапы осының алдында қабылданған демаркация жөніндегі мемлекетаралық келісімге қарамай, өз беттерінше контейнер қою арқылы жағдайды қайта ушықтырып жіберді. Олар түнгі 03:00 сағат кезінде осы жұмысты бастап кеткен. Осы тұста тәжіктер жағынан солдаттардың шекараға көптеп келіп жатқаны да байқалған.