Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бензема Еуропаның биылғы үздік футболшысы атанды

ПАРИЖ. 22 мамыр. Мадридтің «Реал» командасының 33 жастағы шабуылшысы Карим Бензема Еуропаның 2020/2021 маусымдағы үздік футболшысы болып танылды. Бұл туралы «France Football» хабарлады.

Аталмыш жүлдені француздың «Onze Mondial» журналы тағайындаған.

Осыған байланысты дауыс беру қорытындысында Карим Бензема респонденттердің 47,3 пайызының даусын алған. Ал Аргентина құрамасы мен испанның «Барселона» командасының форварды Лионель Месси 20, 1 пайыз дауыс жинаса, Польша құрамасы мен Мюнхеннің «Бавариясының» шабуылшысы Роберт Левандовски 11,3 пайыздық қолдауға ие болған.

Биылғы маусымда Бензема барлық турнирлерде «Реал» сапында 45 рет алаңға шығып, 29 рет нәтижелі шабуылымен көзге түскен, 8 рет соңы гол болып аяқталған пас берген. Месси 48 матчта 38 гол салған, 14 ассист жасаған, Левандовски 39 ойында 47 гол соққан, 9 нәтижелі пас шығарған.

Байқалып тұрғандай, соңғы екі футболшының да көрсеткіші жеңімпаздың деңгейінен әлдеқайда жоғары тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button