Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ генералдары Байденнің есі дұрыс екеніне күмән келтірді

ВАШИНГТОН. 15 мамыр. Американың отставкадағы 120-дан аса генералы президент Джо Байденнің психикалық ахуалына күмән келтіріп отыр. Бұл туралы «Flag Officers 4 America» порталы хабарлады.

«Американың 120-да астам генералы АҚШ Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, елдің президенті Джо Байденнің психикалық ахуалы мен денсаулық жағдайына қатысты күмән білдірген ашық хатқа қол қойды», – делінген хабарламада.

«Бас қолбасшының психикалық және денсаулық жағдайына мән бермесе болмайды. Ол ұлттық қауіпсіздіктің өмір мен денсаулық жағдайына қатысты саласында кез келген уақытта, күні мен түні, тез арада, нақты да тура шешім қабылдай алатын болуы тиіс. Демократтар басшысының ядролық арсеналға қолжетімділік процедурасы туралы жақында қабылдаған шешімі бұған кімнің жауапты екені мәселесін көтере отырып, ұлттық қауіпсіздіктің аса қауіпті жағдайда тұрғанын байқатады», – делінген хатта.

Үндеу авторларының пікірлерінше, АҚШ қазір 1776 жылы ел құрылған уақыттан бері бірінші рет өте терең қауіптілік жағдайында тұр. Америкалықтар «конституциялық республикада тірі қалу үшін» шайқасуға мәжбүр. Экс-генералдар осы ретте Байден әкімшілігі азаматтардың «конституциялық құқықтарына кең ауқымды шабуыл жасап» жатқандарын атап көрсетті. Бұған олар мысал ретінде президенттің мұның алдындағы мемлекет басшысы Дональд Трамптың кезінде қабылданған 50-ден аса жарлықты конгресті айналып өтіп, өзінің «диктаторлық мәнерімен» жойып жібергенін келтірді.

Хат авторлары сондай-ақ Байденнің тұрғындарды бақылауда ұстау жөніндегі шараларын, соның ішінде қатқыл локдаун әрекеттерін, сондай-ақ цензураны күшейтіп жібергенін сынға алды.

Ақыр соңында экс-генералдар Байденнің өткен сайлауда ашық жолмен жеңіске жеткеніне күмән келтіріп отыр. Олар осы арқылы оның заңды президент екенін мойындағылары келмейтінін алға тартты. Әскерилердің пікірлерінше, сайлау қорытындылары қолдан жасалған болуы мүмкін.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button