Әлиев Шушаны Әзербайжанның астанасы деп жариялады
БАКУ. 8 мамыр. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев армян басқыншыларынан босатып алынған Шуша қаласын елдің «мәдени байтағы» деп жариялады. Бұл туралы «Москва-Баку.Ру» хабарлады.
Осыған байланысты шығарылған шешімде Шушаның тарихи бет-бейнесін қалпына келтіру, оның бұрынғы даңқы мен мәдени өміріндегі дәстүрлі үрдістерін қайта оралту, сонымен бірге қаланы халықаралық деңгейде насихаттау керектігі атап көрсетілген.
Әзербайжан мәдениет министрлігіне осы өкімнен шығатын мәселелерді шешу тапсырылған.
Атап өту керек, әзербайжан әскерлері Шуша қаласын 2020 жылғы 8 қарашада екінші Қарабақ соғысы барысында армян басқыншыларының қол астынан босатып алған еді.
Шуша Таулы Қарабақтың жүрегі болып табылады, оның әзербайжандар үшін аса маңызды тарихи-мәдени, саяси мәні бар. Әзербайжандар оны «еліміздің інжу-маржаны» деп санайды. Әзербайжанның тарихы мен мәдениетіне үздіксіз үлес қосқан көптеген тұлғалар тап осы Шуша қаласында туған.
Тағы айта кету керек, армяндар 1994 жылы Таулы Қарабақты басып алғаннан кейін оның дамуы жолында ешқандай да бір игілікті іс істеген жоқ. Олар осынша уақыт бойы таулы республиканың байлығын ішке тасып тонаумен, тарихи орындардың бәрін қиратумен шұғылданды.
Таулы Қарабақ нағыз дамудың жолына енді түскелі тұр.
Шуша – Әзербайжан жеріндені ежелгі Қарабақ хандығының саяси және мәдени орталығы. Мұнда ЮНЕСКО қорғауына жататын көптеген тарихи ескерткіштер сақталған.