Қазақстан қырғыз еліне көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберді
АСТАНА. 8 мамыр. Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жөнелтілді. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт осындай өкім шығарды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасымен дәстүрді достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан халқы атынан бауырлас қырғыз халқына гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші елге 10 мың тонна ұн жөнелтілді», – деп баяндады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Үкімет президенттің тапсырмасын орындауға кірісіп кетті.
Қазақстан президенті өткен жылы пандемия кезінде гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстан мен Тәжікстанға әрбірінің қүны 3 млн доллардан асатын 5 мың тонна ұн жіберткен болатын.