Мәскеуліктер бурят қыздарына қырғыз екен деп тиіскен
МӘСКЕУ. 16 сәуір. Мәскеу тұрғындары астанаға Бурятиядан келген қыздарға көздері қысық болғандықтықтан шабуыл жасады. Бұл туралы «Мослента» хабарлады.
«Мәскеуде тұратын қыздар Бурятиядан осында келген екі қызға көздері қысық болғандығы үшін барып соқтықты», – делінген хабарламада. Олар бурят аруларын қырғыз қыздары екен деп ойлап қалған.
Басылымның хабарлауынша, инцидент астана орталығындағы тұрғын үйлер аулаларының бірінде орын алған. Мәскеулік екі қыз осында орындықта отырған бурят қыздарына «сыртқы пішіндері славян емес» ұлттардың өкілдеріне мұнда отыруға болмайтынын айтып, қуып шығуға әрекет еткен. Ал қалаға келген қыздар мәскеуліктерден өздерін мәдениетті ұстауды өтінгеннен кейін олар бұл екеуін сөзбен қорлай бастаған. Мұнымен де тоқтамай бір кезде жұдырықтарын ала жүгіріп, бірнеше соққы жасып үлгерген. Соның салдарынан бурят қыздарының жеке мүліктері сынып қалған.
Таяқ жеп қалған бурят қыздары полицияға шағым жасайтындарын мәлімдегеннен кейін де сөзбен қорлап, өздеріне қоқан-лоққы жасаған.
Улан-Удэден келген екі қыздың бірі белгілі биші Сарюна Ринчинова болып шықты. Ол Мәскеуде өздерінің ксенфобияға тап болғандарын Instagram-дағы парақшасында жазған. Жергілікті қыздар буряттарға «қырғыз қыздары» деп тиісіп, оларды ұлттық белгілері бойынша қорлай жөнелген.
Ринчинованың айтуынша, ол құрбысы екеуі бір үйдің ауласындағы ләпкеде отырған. Сол кезде оларға жергілікті екі қыз жақындап келіп, жандарынан ығысып орын беруді талап еткен. Бұдан кейін келген қыздарды қорлай жөнелген. Бұларды «Ресей паспортын сатып алғансыңдар» деп сөккен. Артынша қыздардың бірінің жерде жатқан заттарын тебе бастаған. Ринчинова сол кезде болып жатқан оқиғаларды камераға түсіріп алуға кіріскен.
Instagram комментаторлары: «Қыздарға батылдық көрсеткендері және бейнематериалдары үшін рахмет, жұрттың бәрі бұлай қарсы тұра алмас еді! Біз сіздермен біргеміз», – деп жазды. Тағы бір комментатор болған оқиғаны «фашизм» көрінісі деп есептеп, полицияға арыз жазуға кеңес берген.