Петербургте қырғыздар мен тувалар топтасып төбелесті
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 12 сәуір. Бүгін таңертең Петербургтің орталығында қырғыздар мен тувалар бір-бірімен топтасып төбелесті. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
Осының салдарынан төбелеске қатысушы төрт адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. «Тағы 14 ықтимал қатысушы ұсталды», – делінген мәнбе мәліметінде.
Алдын ала деректерге қарағанда, дүйсенбі күні таңғы сағат 5 шамасында Бақ көшесіндегі барда Тыва республикасы мен Қырғызстан елінің өкілдері арасында төбелес басталып кеткен. Нәтижесінде түрлі дене жарақаттарымен 4 адам ауруханаға түскен.
Кейінірек ішкі істер министрлігі аймақтық басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін 20 адамның полицияға жеткізілгенін анықтады. Ведомствоның айғағы бойынша, жанжал бір әйелге байланысты туып кеткен.
Қазір инцидент негізінде тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысымен қылмыстық іс қозғалады.