Украиндар «үш батырды орыстар бізден ұрлады» деп отыр
МӘСКЕУ. 12 сәуір. Украин тарихшылары мен филологтары Ресей өзі мақтаныш етіп жүрген үш баһадүрді украиндардан «ұрлап алған» деген ұйғарымға келді. Бұл туралы «24tv.ua» телеарнасы хабарлады.
Әңгіме Илья Муромец, Добрыня Никитич және Алеша Попович жайында өрбіп отыр.
Украин сарапшыларының пікірінше, Илья Муромецті шын мәнінде кезінде Илья Чобитько немесе Илья Муровец деп атаған, себебі, ол Муром маңындағы Карачарово селосы емес, Черниговтың түбіндегі Моровск (бұрын «Муромск» деп жүрді) деревнясынан шыққан.
Алеша Попович, енді анықталғанындай, өз уақытында Олешко аталған, бояр емес, рыцарь болған. Бұлардың ойларынша, ол көне Ростовта емес, Полтавщинадағы Пирятин қаласында туған.
Украин мамандары Добрыня Никитичті «кінәз Ұлы Владимирдің воеводасы» деп отыр. Ол «бүгінгі этникалық Украинаның аумағынан Новгородқа дейін созылып жатқан Киев Русінің территориясында тұрған.
Жарияланым авторлары сондай-ақ оларға қатысты аңыздардың болашақ Украина жерлеріне кең тарағанын, бірақ кейін Московия кінәздығының белгілі бір кезеңде үш баһадүрді «иемденіп» кеткен.